Ереуілге шыққан бес мұнайшы жауапқа тартылды – Бас прокуратура

12 Сәуір 2023, 10:55 1451

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев елордада ұсталған Жаңаөзен мұнайшыларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура өкілі ереуілге шыққан 126 адам ұсталып, кейіннен олардың барлығы босатылғанын айтады. Дегенмен солардың бесеуі «бейбіт жиын өткізу тәртібін» бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

11 сәуірде Астанада энергетика министрлігі алдында барлығы 126 адам ұсталған. Бесеуі “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабымен әкімшілік жауапқа тартылған. Наразылардың барлығы босатылған.

Қазіргі таңда жұмысшылардың барлығы үйлеріне қайтарылды. Наразылық кезінде жұмысшылар арасында айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалды. Олар сотта қаралып, оларға ескерту тәртібінде шара көрсетілді. Дегенмен олар қазіргі таңда үйлеріне босатылды,- деді Жандос Өмірәлиев.

Айта кетейік, Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшылар бүгін үйлеріне қайтқан болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: