Ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер «Шапағат» медалімен марапатталады

21 Маусым 2023, 11:12 1612

Халықаралық форумның екінші күніне арнайы қатысқан Президент Әділетті Қазақстанды адал азамат құратынын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен аптада Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті. Сол жиында отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, үнемшілдік, еңбекқорлық және жанашырлық секілді құндылықтар бәрінен биік тұруы тиіс екенін атап көрсеттім. Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент барлық ерікті адал азаматтар болатынына сенім білдірді. «Өйткені сіздер жауапты іс, сауапты жұмыс атқарып жүрсіздер», – деп атап өтті.

Мен волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек деп санаймын. Сол себепті елімізде «Жыл волонтерлері» халықаралық сыйлығы белгіленді. Бұл марапат белсенді еріктілерге беріледі. Сонымен қатар ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер жыл сайын «Шапағат» медалімен марапатталады, – деді форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: