Салтанатты марапаттау рәсімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, сала ардагерлері, ведомство қызметкерлері қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мереке күнтізбесіне енгізілген Республика күнінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұл күн мемлекетіміздің дамуындағы жаңа дәуірдің басы болды. Ағымдағы жылы отандық фермерлер дәнді дақылдардың рекордтық өнімін алды, қант қызылшасы мен майлы дақылдардың бұрын-соңды болмаған өнімін күтудеміз. Президент пен Үкіметтің мақсатты қолдауының, фермерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген жетістіктер азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді және ел экономикасына оң әсер етеді. Әрине, біздің қызметкерлер АӨК дамуына зор үлес қосуда. Президенттің Жарлығымен олардың 20-сы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Біздің міндетіміз-аграрлық секторды дамыту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру, - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденін алушылар қатарында - "Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС жетекші ғылыми қызметкері Надежда Январева, "Парасат" орденімен – ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов бар.
Мемлекет басшысының атынан министр АШМ басқарма басшысы Талғат Сидыққа, Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаевқа "Құрмет" орденін табыс етті.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен 15 қызметкер марапатталды.
Олардың қатарында Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Айнұр Ардабаева, Мал шаруашылығы департаментінің бас сарапшысы Светлана Пучкова, Егіншілік департаменті басқармасының басшысы Айман Телегенова, "Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі Владимир Коберницкий, Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия басшысының орынбасары Нұрғали Кадринов және т. б. бар.