29.10.2025
09:43
488
Ерекше стадион: футболдан әлем чемпионаты 350 метр биіктікте өтеді

Ерекше стадион: футболдан әлем чемпионаты 350 метр биіктікте өтеді

Сауд Арабиясы әлемдегі тұңғыш «аспан стадионын» салуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Paris Match журналына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Бұл ерекше спорттық нысан жер бетінен 350 метр биіктікте орналасады және 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдай алады.

Аспанда ілінген стадионның сыйымдылығы 46 мың көрерменге есептелген, құрылыс жұмыстары 2032 жылы аяқталмақ.

Бұған дейін ФИФА 2034 жылғы әлем чемпионатын 2035 жылдың қаңтарына шегеруі мүмкін екені хабарланған еді. Бұған 2034 жылдың қараша-желтоқсан айларында өтетін қасиетті Рамазан айы себеп болып отыр.

Айта кетсек, әлем чемпионатын жазда өткізу мүмкін емес, өйткені бұл маусымда Сауд Арабиясындағы ауа температурасы +50 градусқа дейін жетеді.