Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қандай көмек көрсетіледі?

1 Маусым 2023, 12:55 2104

Балаларды оңалту бойынша олардың жеке қажеттіліктеріне қарай Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары іске асырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 188 мың баланың құқықтарына назар аударылады.

Оның 97% - ы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, қоғамдық және жекеменшік ұйымдарда оқытумен және түзету-педагогикалық қолдаумен 183159 бала қамтылды, - деп атап өтті Еділ Оспан.

Вице-министрдің дерегінше, бюджет есебінен қызметтердің 8 түрі ұсынылады, олар: әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық.

Заңнамада оларды балабақшаларға бірінші кезекте орналастыруға, білім беру ұйымдарын таңдау құқығына, оқыту нысандарына, колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі квоталарға, сондай-ақ оларды педагог-тьюторлармен сүйемелдеуге жеңілдіктер белгіленген. Балалардың қозғалысы дамиды және оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының қызметі белсендіріледі, - деп нақтылады вице-министр.

Баланың өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша тыңдау құқығы әр мектепте құрылған мектеп парламенттері мен балалар өкілдіктері арқылы жүзеге асырылады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: