Ердоған Ыстамбұл мэрінің сайлауына түсетін үміткерді атады

8 Қаңтар, 08:09 1023

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні елдің бұрынғы қоршаған орта министрі Мурата Курумды биліктегі Әділет және даму партиясының атынан Ыстамбұл мэрінің сайлауына түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Hyurriyet мәліметінше, Курум шаһардың қазіргі басшысы Экрем Имамоглумен бірге сайлауға түсетін болады. Ол Ыстамбұл мэрі болып 2019 жылы сайланған.  

Естеріңізде болса, Ердоған былтыр мамырда президенттік сайлауда жеңіске жетіп, ал оның партиясы парламенттік сайлауда басым дауысқа ие болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: