Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты және өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік дағдарыстарды шешудегі шешуші рөлін атап өтіп, Анкараның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған үдерісті мұқият бақылап отырғанын жеткізді.
Түрік көшбасшысының айтуынша, Анкара Украинада тұрақты бейбітшілік орнату жолында, соның ішінде бейбіт келіссөздерді ұйымдастыруға қатысты кез келген қолдауға дайын. Ердоған сондай-ақ Түркия Қара теңіздің қақтығыс аймағына айналуына жол бермеу үшін күш салып жатқанын да атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді