Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы уақытта Газа секторына сапар шегуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы бұл мәлімдемесін Әділет және даму партиясының (AK Parti) Ризе провинциясындағы жиынында сөйлеген сөзінде жария етті.
Алдымен мен барамын, содан кейін сіздер барасыздар, — деді Ердоған залдағы партия мүшелерінің Газаға қатысты айқайына жауап ретінде.
Ердоған өз сөзінде оқ атуды тоқтату жөніндегі келісім бекітілгеннен кейін бұл процестен артқа шегінуге болмайтынын ерекше атап өтті.
Израиль үкіметі өз қолымен бекіткен міндеттемелерді орындауы тиіс. Гуманитарлық көмектің Газаға жеткізілуіне ешқандай кедергі болмауы керек. Аймақтағы тұрақты бейбітшіліктің кілті — екі мемлекет құру туралы шешімде, — деді Түркия Президенті.