18.10.2025
19:09
484
Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан барысы" турнирінің финалына шықты

Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан барысы" турнирінің финалына шықты

Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан "Қазақстан барысы-2025" турнирінің жартылай финалында семейлік Ерасыл Қажыбаев  маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтан басым түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Биыл 14-ші рет өткен қазақ күресінің айтулы турнирінде Ерасыл Қажыбаев шешуші сәтте өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ол өткен аталған турнирдің үш дүркін жүлдегері Нұрдәулет Жарылғаповты жамбас ұпайымен жеңіп, финалға шықты.

Ширек финалда былтырғы «Qazaqstan Barysy» чемпионы Ерасыл Қажыбаев Нұрсұлтан Қожагелдіұлынан басым түскен болатын.