Ералы Тоғжанов Ана мен баланы қорғау орталығының кішкентай емделушілерін Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Темір ауданында жол-көлік апатынан зардап шеккен балалар емделіп жатқан Ана мен баланы қорғау орталығында болды. Бес науқас үйіне шығарылды.
Өңір басшысы Жаңа жылды ауруханада қарсы алатын кішкентай емделушілерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов травмотология бөлімшесінде емделіп жатқан балаларға да барды.
Облыс әкімі әр науқастың денсаулығына, стационардың жағдайына, дәрілік препараттардың болуына қызығушылық білдірді.