Ер-тұрман (І бөлім)

6 Наурыз 2014, 05:20

Сыртқы бітім ерекшеліктеріне, жасалу техникасына орай ердің «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «құранды ер», «қозықұйрық ер», «қызық бас ер», «қан бас ер» деп келетін түрлері бар.

Сыртқы бітім ерекшеліктеріне, жасалу техникасына орай ердің «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «құранды ер», «қозықұйрық ер», «қызық бас ер», «қан бас ер» деп келетін түрлері бар. Осылардың ішінде құранды ерден басқасы көбінесе бес бөлікті қосу арқылы жасалады. 

Сыртқы бітім ерекшеліктеріне, жасалу техникасына орай ердің «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «құранды ер», «қозықұйрық ер», «қызық бас ер», «қан бас ер» деп келетін түрлері бар. Осылардың ішінде құранды ерден басқасы көбінесе бес бөлікті қосу арқылы жасалады. Олар: екі қас (артқы қасты керсен деп атайды), екі қаптал және бел ағаш (орта ағаш), мұның қай-қайсысы да негізінен қайыңнан, қайыңның безінен шабылып барып біріктіріледі. Оны ер қосу дейді. Кейде жақсы қиюласу үшін ердің бөлшектерін тезге салатын да дәстүр бар. Ер бөлшектері негізінен орама жез шегелермен бекітіледі. Бел ағашын көбінесе таспалап бекітеді. Қазақ даласындағы қоспа ерлердің жасалу техникасында бір ізділік бар. Ал сыртқы бітіміне қарай әр түрлі болып келеді. Әсіресе әйелдерге арнайы жасалатын ер-тоқым сүйегінің ауырлығымен, әшекей-өрнегінің молдылығымен ерекшеленеді.

Ердің қасын күмістеудің әр түрлі үлгісі бар. Бірі, темір қақатап, оның бетіне қошқар мүйіздеп күміс қаптырады. Кейде қапқан темірді ойып, күміспен күптейді де, табанына көксауыр былғары, шұға немесе барқыт салып, ердің қасына бекітеді.

Еркек ерлері көбіне артық әшекейсіз, қасықтай жеңіл болады. Әредік-әредік қақ күміспен, сүйекпен әшекейленгендері кезігеді.

Қазақ арасында ағаштан тұтастай шауып шығарған ерлер де болған. Мұндай ерлерді әдетте тұзды суға салып қайнатып, тобарсыған кезде түйе көнімен кере қаптап тастайды.

Құранды ерлер, аты айтып тұрғандай, қазақ арасында 18-20, 22-32 бөлік ағаштан құрастырылып жасалатын болған. Құранды ер жасау, біріншіден әдемілік үшін болса, екіншіден – ердің қасына лайық тұтас ағаштың сирек кездесетіндігінен болу керек. Құранды ердің екі қапталы ғана тұтас ағашпен шабылады. Пайдаланылатын ағаш түрлері әрі мықты, әрі желім тұтқыш терек, жиде, тал сияқты ағаштар. Қазақ шеберлері әдетте желімді арықтан өлген малдың еті мен түйенің көнін қосып қайнатып, сорпасы қойыла бастағанла ыстықтай қотарып алса, сол жақсы желім болады.

Құранды ердің өн бойында оқпан, қастың оң және сол беті, желкебасар, қас, керсен, қанат, қоспа, белағаш, кепіл ағаш, тіреуіш деген атаулары болады. Құранды ерді құрап, желімдеп болған соң, сыртына тор көзден бірнеше қабат тарамыс талшығын жапсырады. Оны сіңірлеу дейді. Тарамыс талшығының әр қабатынан соң көлеңкелі саяға кептіріп отырады. Үш қабат тарамыс тарамыс талшығынан кейін тоз (қайыңның қабығы) жапсырылады. Одан әрі әбден кепті-ау дегенде түйенің көнін тарта қаптап, не шегемен, не таспамен бекітеді. Құранды ерге күміс шауып, асыл тастан көз орнатып, сүйектен оймыш салудың толып жатқан ғажайып дәстүрі бар. 

Жалғасы...

Бөлісу: