Ер адам танысын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады

22 Тамыз, 17:33 431

Қырғызстанның Баткен облысында ер адам танысын мылтықпен атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

51 жастағы ер адам жұбайымен бірге көлігімен келе жатқанда, оларды Ақбұлақ ауылының 55 жастағы танысы тоқтатқан.

Күдікті қылмыскер 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты алып, ер адамның кеуде аймағына екі рет оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Артынша, Қара-Таш жайылымында сол мылтықпен кеудесіне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық, сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: