17.07.2025
08:41
24651
Ер адам сирек кездесетін монетаның арқасында байып кетті

Ер адам сирек кездесетін монетаның арқасында байып кетті

АҚШ тұрғыны Стив Уитмор күнделікті табысын санап отырғанда, ұсақ тиындардың арасынан өзгелерден түсі бөлек 50 центтік монетаны байқап қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Elcabildo мәліметінше, Уитмор бұл ерекше монетаны нумизматтарға көрсеткеннен кейін, оның 1964 жылы Джон Кеннедидің бейнесімен шығарылған өте сирек прототип екені анықталды. Сарапшылар бұл сирек кездесетін тиынды 3,2 миллион доллар (шамамен 16,7 миллиард теңге) депбағалаған.

Бір ғана тиынның менің бүкіл кәсібімнен қымбат тұруы бұл ақылға қонбайтын нәрсе секілді еді, - деп ағынан жарылды Стив Уитмор.

Мұндай монеталар әлі күнге дейін жасалады, дегенменУитмор тапқан нұсқа 90 пайыз таза күмістен жасалған. Оның құндылығын арттыратын жайт - бұл монета 1963 жылғы қарашада Джон Кеннедиге жасалған қастандықтан кейін көпұзамай шығарылған.