16.06.2025
16:07
1420
Ер адам енесін көшеде пышақтап өлтірді

Ер адам енесін көшеде пышақтап өлтірді

Севастополь қаласының Фиолент ауданы аумағында 46 жастағы ер адам енесіне көшеде пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

BAZA мәліметінше, ауыр жараланған әйел оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам әйелдің тамағынан бірнеше рет пышақпен ұрған.

Жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жеткенімен, жәбірленуші көп қан жоғалтып, қайтыс болды. Қазіргі уақытта қанды оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтіргенін жазған едік.