23.05.2025
11:04
741
Ер адам екі жастағы қызын көлігімен басып өлтірді

Ер адам екі жастағы қызын көлігімен басып өлтірді

Ширван қаласында қайғылы оқиға орын алды: екі жасар қыз бала абайсызда әкесінің көлігі астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ширван қаласындағы Видади көшесінде тіркелген. БАҚ-та таралған мәліметке сәйкес, жергілікті тұрғын өзінің микроавтобусын жөндеп жатқан кезде көлікті артқа қарай жүргізіп, қызының көлік астында қалғанын байқамай қалған. 2023 жылы дүниеге келген бүлдіршін ауыр жарақат алып, жедел түрде Ширван қалалық ауруханасына жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қайғылы жағдай жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қараудың салдары ретінде тіркелді.