Ер адам бір жарым айлық немересін ұрып өлтірді

Бүгiн, 15:49 333

Ресейдің Екатеринбург қаласында ер адам туылғанына бір жарым ай болған немересін ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Риа новости таратқан мәліметте, түн ортасында жұмыстан шаршап келген Дмитрий Кичинді қатты жылап жатқан нәрестенің даусы ашуландырса керек. Ол баланың аяғынан ұстап, басын еденге бірнеше рет ұрған. Сәби сол жерде шетінеп кетті. Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы оқиға әйелі мен кәмелет жасқа толмаған екі бала куә болды.

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына жеткізді. Күдікті бұрын сотты болған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: