29.02.2024
12:08
3208
Ер адам әйелін екі сағат ұрып, терезеден лақтырып жіберген

Ер адам әйелін екі сағат ұрып, терезеден лақтырып жіберген

Кемеровода әйел күйеуінің қолынан қаза тапты,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам түнгі сағат 3:00 пен 5:00-дің ортасында заңды некедегі әйелін аямай ұрып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Дәрігерлер әйелді аман алып қалуға тырысқанымен, таңғы сағат 11:00 шамасында ол жергілікті ауруханада көз жұмған. Көршілердің сөзінше, бұл отбасыда жиі ұрыс-керіс болған. Куәгерлер жерде қан-жоса болып жатқан зардап шегушіге жедел жәрдем көлігі келгенше ешкім көмектеспегенін айтады. 

Бұған дейін  жігітімен ұрысып қалған әйел 5 айлық баласын терезеден лақтырып жібергенін хабарлаған едік. Сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.