26.11.2024
12:40
929
Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты

Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты

Оқиға 25 қараша күні Алматыда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

66 жастағы ер адамға әйелдің телефонмен дауыстап сөйлескені ұнамай, оны ұрып тастаған.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Батыржан Әбдімасаров.