26.06.2025
15:45
1489
Ер адам анасына дұрыс тамақ бермеді деген сылтаумен келінін атып тастады

Ер адам анасына дұрыс тамақ бермеді деген сылтаумен келінін атып тастады

Таиландта 42 жастағы Арсия есімді ер адам келініне оқ жаудырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл әрекетке ол келінінің 77 жастағы қарт анасын дұрыс тамақтандырмады деген себеппен барған, деп жазды World of Buzz.

БАҚ дерегінше, бастапқыда күдікті бұл оқиғаға қатысы жоғын айтқан. Алайда кейін ашуға булығып, келінінің анасына үнемі тек омлет қана дайындайтынына наразы болғанын мойындаған. Ол қарт анасының тамақ талғамын елемеді деп ашуланған.

Алайда зейнеткер әйел өзі жұмсақ тағамдарды, соның ішінде омлетті жақсы көретінін және ащы тамақтарды жей алмайтынын айтты. Сондай-ақ Ниттайя әртүрлі тағам әзірлеуге тырысқанын да жеткізді. Бұл жайттан бөлек тұратын Арсия хабарсыз болған.

Қылмыс кезінде күдіктінің мас күйде болғаны анықталған. Қазір ол полицияға тапсырылды.

Бұған дейін жасөспірім әкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны туралы  жазған едік.