Мультимедиа
Энергия үнемдеудің үлгісіне айналған зауыт
21 Қараша 2025, 21:27

Энергия үнемдеудің үлгісіне айналған зауыт

«Wuko» – отандық құрылыс индустриясында белді кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның басты бағыты- жоғары сапалы пластик және ПВХ терезе профильдерін, есік жүйелерін, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өндіру. Өндіріс толықтай заманауи еуропалық технологиялармен жабдықталған. Әрбір өнім экологиялық талаптарға сай жасалып, халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. «Wuko»-ның негізгі мақсаты - отандық тұтынушыларды сапалы, қолжетімді және энергия үнемдейтін құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Компания өз өнімдерін тұрғын үй құрылысына, әкімшілік ғимараттарға және өндірістік нысандарға кеңінен жеткізеді. Мемлекет тарапынан да бұл салаға айрықша назар аударылуда. «Wuko» кәсіпорны индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен отандық өндірісті қолдау тетіктерінің аясында жеңілдетілген несие мен инфрақұрылымдық қолдауға ие болған кәсіпорындардың бірі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында зауыттың өндірістік қуатын арттыруға, жаңа желілер орнатуға және өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік берілді. Біз «Wuko» кәсіпорнында болып, өндіріс барысын өз көзімізбен көрдік. Әрбір кезеңде сапаны бақылау жүйесі мұқият жүргізілетінін байқадық. Заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін мамандар өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Зауыттың цехтарында дайын терезе және есік профильдері үздіксіз шығарылып, қапталып, тұтынушыға жөнелтіледі. Бұл еліміздегі құрылыс материалдары өндірісінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанының айқын дәлелі. Толығырақ көргіңіз келсе, біздің жаңа шығарылымды жіберіп алмаңыз!

Тағы да көріңіз