28.05.2023
09:46
928
Энергетикалық қадағалау комитеті жылу энергетикалық орталықтарды тексеруді бастады

Энергетикалық қадағалау комитеті жылу энергетикалық орталықтарды тексеруді бастады

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау шеңберінде «Степногор ЖЭО» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылға арналған жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес электр станциясын алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін № 6 және 7 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу, № 3 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары  көзделіп отыр. 

Қазіргі уақытта ЖЭО-да № 3 және 7 қазандық агрегаттары бойынша және № 3 күл құбырын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жөндеу жұмыстары МСУ-104, «РемЭнергоМаш» ЖШС, «Қазбилд центр» ЖШС және «Әйтілек Шатары» ЖШС мердігер ұйымдарының қатысуымен жүргізілмек. Жөндеу жұмыстарына екі ауысымда жұмыс істейтін 111 адам жұмылдырылды.

№ 7 қазандық агрегатын ашу кезінде қосымша ақаулар анықталуына және жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты осы қазандық агрегаты бойынша күрделі жөндеуді орындау мерзімдері ұзартылған. 

Жөндеу науқанының өтуі және Степногор ЖЭО-ның алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауына алынған.