Энергетика саласын кім көрінген жеке басына пайдаланатын болған – депутат

3 Сәуір, 11:32 617

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жылу энергиясы туралы және оған ілеспе заң жобасын талқылап жатыр. Депутат Данияр Қасқарауов өңірлердегі жеке трансформатор иелері бағаны шарықтатып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат еліміздегі энергетика саласын кім көрінген жеке басына пайдаланатын болғанын атап өтті.

Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында жекеменшік 160-тан астам подстанция бар екен. Әр трансформатор иесі жарықты ойына келген бағамен сатады. Бір киловатт құны – 28 теңге мен 47 теңге аралығында. Халық қит етсе «жарықты өшіремін» деп қоқаңдайды. Неліктен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатқа бақылау жүргізілмейді? Жекеменшік иелері трансформаторларға техникалық шарттарды, инженерлік желілерді жүргізуге қалай рұқсат алған? Желілер заңдылығын кім тексереді? Электр қуатына қосылу құны 350 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін және одан жоғары екен. Неліктен жергілікті электр нарығы және негізделген шығындар мен кірістер пайызы тексерілмейді? Электр нарығы бақыланбайды. Бұл электр қуатын ұрлау, жатыпішер делдалдық емес пе? Кейбір жекеменшік иелері заңнан жалтарып, ауылда тұтынушы кооперативін ашып, жарық сатуда. Мұны қалай түсінуге болады? - деп сұрады мәжілісмен.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұндай мәселе барын жоққа шығармады. Сөзінше, өңірлерде бұрын жеке кәсіпорындар қосалқы стансаларды өздері салған.

Миражан Махан
Бөлісу: