Энергетика министрі Жетісу облысын газдандыру, ЖЭК дамыту және отынмен қамтамасыз ету бойынша жауап берді

14 Қазан 2023, 17:19 732

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңірді газдандыру, ЖЭК, отынмен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда өңірде қуаттылығы 159,9 МВт болатын 11 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Министрдің айтуынша, 2027 жылға дейін белгіленген қуаты 76 МВт болатын 2 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.

Өңірді газдандыру туралы айта келе, Энергетика министрлігінің басшысы Жетісу облысының газдандыру деңгейі 41,2% -. құрайтынын хабарлады. Ағымдағы жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша әкімдікке Ескелді ауданының үш елді мекенін, Қаратал ауданының 1 елді мекенін, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларын газдандыруға 5,4 млрд теңге бөлінді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 3 елді мекенде 7,3 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2024 жылға Текелі және Үштөбе қалаларын газдандыру бойынша жалғасып жатқан 2 жобаны аяқтауға 3,9 млрд теңге қарастырылған.

А.Сәтқалиев Парламентте 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау шеңберінде 23 жаңа жобаны іске асыруға 1,9 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Өңірді одан әрі газдандыру мақсатында 3 ауданды, Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын газдандырумен қамтитын «Талдықорған – Үшарал" газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды бастау жоспарлануда. Әкімдік ЖСҚ әзірлеуді жүргізуде. ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін министрлік өтінімді қарауға дайын, - деп атап өтті министр.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін күзгі-дала жұмыстарын жүргізу мақсатында 7,9 мың тонна дизель отыны көзделген, бүгінде 1,9 мың тонна жөнелтілді.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: