Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

17 Қыркүйек 2022, 15:30 1005

Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды

 Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Топар МАЭС-і, «Қарағанды» АГТС-і, «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС-ның 3-ЖЭО-сы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 2-ЖЭО-сы және №7 қазандық агрегатының құрылысы барысымен танысты.

Сондай-ақ министрдің өңірдің тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Теміртау қаласы әкімдігінің базасында брифинг ұйымдастырылады.

Бөлісу: