Энергетика министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді

26 Тамыз 2022, 10:24 1476

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызмеі мәлімдеді

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақмола облысына келді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызмеі мәлімдеді.

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Бурабай Жылу» ШЖҚ МКК, «Санаторлық» кіші станциясы, Бурабай кентінің қазандығы, «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК, Көкшетау қаласының РК-1 және РК-2 қазандықтардың жұмысымен танысады.

Сондай-ақ министрдің өңірдің тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында брифинг ұйымдастырылады.

Бөлісу: