Энергетика министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

19 Қыркүйек 2022, 14:39 1277

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің отын-энергетика кешеніндегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласындағы ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда, сондай-ақ мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде бұйрық қабылданды.

Күзгі дала жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің шаруаларына мұнай өңдеу зауыттарында тоннасына 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағамен 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл бөлшек сауда бағасынан өңірге байланысты орта есеппен 15–25%-ға төмен. Қарағанды облысына 20,7 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Диқандарға дизель отынын тиеп-жөнелту басым түрде және бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Қарағанды облысында сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың соңына дейін 1 литр үшін 70 теңге мөлшерінде бекітілді.

Өңірде 8 газ толтыру станциясы және 180-ге жуық автомобильге газ құю станциясы бар.

Болат Ақшолақов ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып және бағалардың алыпсатарлық өсіп кетуіне жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын, өндірушілер белгілеген бөлшек сауда бағаларына сүйене отырып, сұйытылған газға шекті көтерме бағаларды айқындау жөніндегі қағидалар әзірленетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Қарағанды облысын газдандыру бүгінгі таңда 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздейді:

- Қарағанды қаласын газдандыру 16 іске қосу кешенінен тұрады, оларды іске асыру шамамен 30 мың үйді газдандыруға мүмкіндік береді;

- Теміртау қаласын газдандыру 8 іске қосу кешенінен тұрады, оларды іске асыру 9128 үйді газдандыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу: