«Енді ұрыспайтын болдыңыздар». Қарағанды әкімі қуанышты жаңалығын айтты

21 Қазан, 11:30 647

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын жеткізіп, қала тұрғындарын қуантып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаһар басшысының сөзінше, Четская көшесінің бойындағы жолға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.

Алақай! Достар, мені енді ұрыспайтын боласыздар. Мен мұны сіздерден артық күттім. Біз Четская көшесіндегі жөндеу жұмыстарын аяқтап қалдық. Өте қуаныштымын. Бұған дейін біз Дүйсембеков айналма жолынан Бұхар жырау даңғылына дейінгі учаскені ашқанбыз, - деді әкім.

Қожықов өзге учаскелердің неліктен кешіккенін де түсіндіріп өтті.

Біріншіден, арақашықтық ұзақ - 4,5 шақырым, бұл бір жазғы маусым үшін тым көп. Әдетте мұндай қашықтықты жөндеу жұмыстары 20 айға созылады. Екіншіден, жолдың астынан бастапқы тексеру кезінде анықталмаған көптеген желіні анықтадық. Сол үшін олардың бәрін жылдың шетіне көшіруге тура келді. Апат бола қалған жағдайда, жолды қазудың қажеті болмайды. Үшіншіден, екі жерүсті жылу компенсаторын жерастына ауыстыру көп уақытты қажет етті. Төртіншіден, жаңбыр суының жаңа жүйесін орнаттық. Бесіншіден, көше қиылыстарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сыртқы жарықтандырудың жаңа желісін орнаттық, - деді әкім.

Сонымен қатар ол келесі жылы жаяу жүргіншілер жолы жөнделетінін алға тартты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: