28.01.2025
11:57
717
Енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі

Енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі

Қазақстанда  Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектелмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Ұлттық қордың қаражаты тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін сұралады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз, - деді Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп бара жатыр. Олардың нақты әсері есепке алынбайды әрі мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз. Сондай-ақ, субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес моделінің бір бөлігіне айналды деді премьер-министр.