Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Назарбаевты қорғамайды

13 Қараша 2023, 09:53 3638

«Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұдан былай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасы мәртебесінен айыру туралы заңға 2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін, – делінген Тоқаевтың жарлығының жобасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге функцияларын жетілдіру, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің ант беру мәтініне және оны қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттерінен алып тастап, тек президенттің қауіпсіздігін қалдыру жоспарланған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: