Енді тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

6 Мамыр, 11:11 6523

Елімізде бірыңғай тұтас сызықты кесіп өту бойынша жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев хабарлады. Ол екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылатынын айтты.

Оның сөізнше, ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүреді. Одан бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді.

Көліктің жалпы салмағы бес тоннадан артық болуы керек. Сонымен қатар, үшінші топтағы мүгедектер көліктерін арнайы бөлінген тұрақтарға қойып, сәйкестендіру белгісін пайдалана алады, - деді ол.

Өзгерістер бүгін күшіне енеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: