Енді SOS батырмасы жоқ көліктер тіркеуге алынбайды

Енді SOS батырмасы жоқ көліктер тіркеуге алынбайды

Елімізде 2028 жылдан бастап SOS батырмасы орнатылмаған көліктер тіркеуге алынбайды. Бұл ереже Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл тәртіп кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес енгізілмек. Мысалы, Ресей мен Қырғызстаннан сатып алынған көліктерде шекарадан өтпей тұрып төтенше жағдайда жедел қызметтерге хабар беретін жүйе болуы шарт. Егер SOS батырмасы орнатылмаса, көлікті Қазақстанда қолдануға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ көлік сатылымы кезінде қазақстандықтар бұл талапты ескеруі керек.

Ал ел ішінде жүрген жүргізушілерге SOS батырмасы міндетті емес.

Бұған дейін қазіргі көліктердің жасырын мүмкіндіктері туралы жазғанбыз.