21.10.2025
22:07
824
«Енді шешпеймін» деген блогер хиджабын екінші рет шешті

«Енді шешпеймін» деген блогер хиджабын екінші рет шешті

Актриса әрі блогер Айым Алтынбекова хиджабын шешкенін хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бұл шешімге ұзақ ойланғаннан кейін келгенін атап өтті.

Айтқым келген бір нәрсе бар. Мен хиджабты шештім. Бұл – саналы түрде қабылданған, оңай болмаған шешім. Өзгеріс біреудің ықпалымен немесе кездейсоқ болған жоқ. Ұзақ ойландым, уайымдадым, үндемедім. Енді тек уақыты келді, – деп жазды ол Stories-інде.

Айым Алтынбекова өз шешімін ешкімнің пікіріне сүйенбей қабылдағанын да айтты.

Мен ешкімнен қолдау, кеңес немесе даулаcуды күтпеймін. Маған тек құрмет пен тыныштық керек. Бұл – менің жолым. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін, – деді ол.

Сондай-ақ блогер хиджаб таққан кезде көп сынға қалғанын еске алып, бұл жолы ондай жағдай қайталанбайды деген үмітін білдірді.

Айымның бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оны түсіністікпен қабылдап, әркімнің жеке таңдауына құрметпен қарауға шақыруда.