Енді «Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына ақша аударады

13 Сәуір 2023, 09:08 971

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат» қоры» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс.
Бүгінде қор 6 бағыт бойынша 25-тен аса қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.


Атап айтқанда, науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру, медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау, ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.


Айта кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы президент «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан еді.

EL.KZ
Бөлісу: