Енді несие алу үшін жұбайының келісімін алу міндеттеледі

12 Шілде, 10:33 699

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредит беруге жұбайының келісімін алу қағидаттары мен келісім қажет болатын микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту қаулысын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 1 АЕК (3 692 00 теңге) сомасына кредит алуға болмайды. Енді несие беруші жұбайының бар-жоғын азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ АЖ) арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады.

Ал жұбайының келісімін қағаз жүзінде немесе электрон форматта рәсімдеуге болады:

- қағазда ресімделетін келісімге клиенттің жұбайы (зайыбы) немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамы қол қояды;

- электрон түрде ресімделетін келісім кредитордың қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымы не клиенттің жұбайын (зайыбын) биометриялық идентификаттауды қамтамасыз ете отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі;

- электрон түрде ресімделетін келісімге клиенттің жұбайы 48 сағаттың ішінде қол қоюы қажет.

Келісімде клиент және оның жұбайы (зайыбы) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірі, кредит туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің көлемі (жылдық пайызбен не белгіленген сомада), дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу арқылы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі көрсетіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: