Енді кредит алудан шексіз мерзімге бас тартуға болады

16 Қыркүйек, 12:18 423

Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Бұған дейін сервис 6 ай мерзімге ғана бас тартуға мүмкіндік беретін. Енді кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге мерзімсіз уақытқа тыйым салуға болады.

Өтінімді азаматтың өзі ғана бере алады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет, - деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін:

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: