Бүгін мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысына қатысты, сонымен қатар бірқатар серпінді қиғиданы қамтитын заңға қол қойды. Заңның мән-жайын министр Аида Балаева түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, ведомство басшысы «Қазақфильм» киностудиясы дамудың жаңа кезеңіне көшетінін тілге тиек етті.
Шәкен Айманов атындағы басты киностудия «Қазақфильмнің» жұмысы жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді жыл сайын еліміздегі фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кем дегенде 30 пайызы тікелей «Қазақфильмге» бағытталады. Бұл киностудияның жұмысының тиімді әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты болуына мүмкіндік береді, - деді министр.