30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда психологтардың жұмысына қойылатын талап күшеймек. Енді өзін психолог деп таныстыратын мамандар мемлекеттік реестрге тіркеліп, білімі мен біліктілігін растауы керек. Ал клиенттер маманның аты-жөнін, мамандану бағытын және реестрдегі мәртебесін тексере алады. Жаңа ережелер психологтарға неге тыйым салады және маманды реестрден қандай жағдайда шығаруы мүмкін?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік реестрін жүргізу қағидаларының жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады. Құжат әзірге жоба болғанымен, ол жаңа заңда белгіленген талаптарды іс жүзінде қалай жүзеге асыру керектігін нақтылайды.
Жаңа талаптардың енгізілуіне себептердің бірі – өзін психолог немесе коуч ретінде таныстыратын, бірақ тиісті кәсіби білімі жоқ адамдардың көбейуі.
Реестрге тіркелмесе қызмет көрсетпейді
Жаңа жүйе бойынша психологтардың бірыңғай мемлекеттік реестрі құрылады. Оған жеке практикамен айналысатын мамандар ғана емес, жалдамалы қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін психологтар да енгізіледі.
Заңдағы негізгі талаптың бірі – мемлекеттік реестрде тіркелмеген адам психологиялық қызмет көрсете алмайды.
Сонымен қатар мұндай адам өзін «психолог» деп атай алмайды. Егер атау адамның психолог ретінде жұмыс істейтіні туралы түсінік қалыптастырса, «психо-» сөзі бар атауларды пайдалануға да шектеу қойылады.
Алайда бұл талап құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың психологтарына қолданылмайды.
Мемлекеттік реестрдің бір бөлігі көпшілікке қолжетімді болады. Қазақстандықтар онда маманның:
көре алады.
Ал реестрдің толық нұсқасында психологтың білімі, жұмыс орны, біліктілік деңгейі және біліктілікті арттыруы туралы ақпарат болады.
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап сертификаттаудан өткені туралы мәлімет те енгізіледі. Әр маманға автоматты түрде бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Бұл өзгеріс клиентке психолог таңдаған кезде маманның кәсіби мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.
Психологтардың 17 мамандану бағыты болады
Жоба бойынша психологтар 17 бағыттың бірін немесе бірнешеуін таңдай алады. Олардың қатарында:
ересек жастағы психология бар. Яғни психолог өзінің кәсіби бағытын реестрде осы тізімнен таңдайды.
Реестрге кім кіре алады?
Мемлекеттік реестрге тіркелу үшін психологтың психология саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі не ғылыми дәрежесі болуы керек. Егер диплом шетелде алынған болса, оның Қазақстанда танылғаны талап етіледі.
Бастапқы тіркелу кезінде біліктілікті арттыру туралы құжат талап етілмейді. Бірақ кейін психолог біліктілігін кемінде бес жылда бір рет арттырып отыруы керек. Ал 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіби біліктілікті растау сертификаты қажет болады.
Өтінішті онлайн түрде Ұлттық біліктілік жүйесінің платформасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен беруге болады.
Өтініш, әдетте, бес жұмыс күні ішінде қаралады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қосымша мәлімет алу қажет болса, бұл мерзім тағы бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Мемлекет психологты қалай тексереді?
Реестрге енгізу кезінде кейбір мәліметтер автоматты түрде тексеріледі. Атап айтқанда білімі, еңбек қызметі, белгілі бір қызметпен айналысуға сот арқылы тыйым салынғаны немесе салынбағаны және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдағы динамикалық бақылауда болуы.
Қарапайым тілмен айтқанда, психикалық денсаулық ұйымында динамикалық бақылауда тұрған адамға психологтар реестріне тіркелуден бас тартылуы мүмкін.
Бірақ бұл «психолог психиатрға барса немесе психологиялық көмек алса, жұмыс істей алмайды» деген сөз емес. Жоба нақты түрде динамикалық бақылау жағдайын қарастырады.
Бұдан бөлек, құжаттары толық болмаса, жалған мәлімет берілсе немесе қажетті білімі болмаса, адамды реестрге енгізуден бас тартылады.
Психолог реестрден шығарылуы мүмкін
Реестрге бір рет кіру маманға өмір бойы жұмыс істеуге кепілдік бермейді.
Психолог заң талаптарын бұзса, сот оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныса, психикалық денсаулық ұйымында динамикалық бақылауда болса немесе клиентке психологиялық көмек көрсету кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірсе, реестрден шығарылуы мүмкін.
Реестрден шығарылған маман қайта тіркелуге бірден өтініш бере алмайды. Қайта тіркелу үшін кемінде алты ай өтуі керек.
Сонымен бірге маман оны реестрден шығаруға себеп болған жағдайлардың жойылғанын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Психологқа не істеуге болмайды?
Жаңа заң психолог қызметінің шекарасын да нақты белгілейді. Ең бастысы – психолог:
Мысалы, «үш сеанстан кейін депрессиядан толық айығасыз», «бір айда күйеуіңізбен қарым-қатынасыңызды түзеп беремін» деген сияқты нақты нәтиже уәде етуге болмайды. Бұл талап психологтың жарнамасына да қатысты.
Психолог диагноз қоя алмайды
Психолог пен психиатрдың қызметін шатастырмау маңызды.
Психолог адамның эмоциясы, мінез-құлқы, қарым-қатынасы, өмірлік қиындықтары сияқты мәселелермен жұмыс істейді. Ал психиатр – медициналық білімі бар дәрігер және психикалық бұзылыстарды медициналық тұрғыдан анықтап, қажет болған жағдайда ем тағайындайды.
Егер психолог клиенттен медициналық араласуды қажет ететін психикалық немесе мінез-құлық бұзылысының белгілерін байқаса, ол мұндай жағдайды өз бетімен емдеуге тырыспауы керек. Клиентке психиатр дәрігерге жүгінуді ұсынуы қажет.
Онлайн психологтарға да талап бар
Әлеуметтік желі немесе арнайы онлайн-платформа арқылы қызмет көрсететін мамандар да жаңа ережелерден тыс қалмайды.
Олар өздерінің мемлекеттік реестрге тіркелгені, білімі және кәсіби біліктілігі туралы ақпаратты онлайн-платформада көрсетуі тиіс.
Бұл клиентке интернет арқылы маман таңдағанда оның кәсіби мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.
Сондықтан Instagram немесе басқа әлеуметтік желідегі парақшасында өзін «психолог» деп таныстырған адамның дипломы мен кәсіби мәртебесіне назар аударған жөн.
Жаңа заң не үшін керек?
Қазақстанда психолог қызметін жеке заңмен реттеу қажеттілігі соңғы жылдары жиі айтылды. Себебі психологиялық көмек нарығында кәсіби білімі жоқ адамдардың өзін маман ретінде таныстыруы, психологиялық кеңес пен медициналық көмектің ара-жігін ажыратпау және клиенттердің құқығын қорғау мәселелері өзекті болып отыр.
2026 жылғы 2 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды. Құжат психологтардың мемлекеттік реестрін құруды, білім мен біліктілікке бірыңғай талап енгізуді, сертификаттауды, кәсіби стандарт пен әдеп кодексін қалыптастыруды көздейді.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған жаңа қағида жобасы осы реестрдің қалай жүргізілетінін нақтылайды.
Осылайша Қазақстанда психолог мамандығы біртіндеп нақты кәсіби талаптары бар реттелетін қызмет түріне айналмақ.
Ең басты өзгеріс – енді психологтың кәсіби мәртебесін клиенттің өзі де тексере алатын жүйе қалыптасады. Бұл бір жағынан мамандардың жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан психологиялық көмек іздейтін азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған.
Біз бұған дейін психология, гипноз арқылы курс сатып жүрген коучтарға енді не болатынын жазғанбыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды