Енді елордада өңірлік жәрмеңкелер өтпейді

3 Қараша 2023, 11:58 1055

Астана қаласында осы жылғы өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады.

Басқа облыстың аграршылары күннің суытуына байланысты ел астанасына келмейтін болды.

Айта кету керек, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды. Оған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 15 өңірден қатысқан болатын. Олар 10 мың тоннадан астам өнім әкелді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: