Енді балаларын ұрып тәрбиелеген ата-аналар заң алдында жауап береді

28 Ақпан, 12:11 1023

Өзбекстанда балаларды ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттары бұл заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдады.

БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен желтоқсан айында Қазақстанда дәл осындай заңды қабылдауды ұсынған еді. Оның айтуынша, бұл заңды әлемнің 65 елінде бекітілген. Ал жақын арада аталған заңды тағы 27 мемлекет қабылдамақ.

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады.

Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: