Енді балаларға зорлық көрсеткендерге жаза қатаңдайды

29 Қыркүйек 2023, 17:25 776

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша және олардың қауіпсіздігіне қатысты заң қатаңдайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңмен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген ата-анасының, өгей әкесінің, өгей шешесінің немесе өзге де адамның кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Атап айтқанда, 12 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сұлтанбаевтың айтуынша, педофильдер енді кешірім жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде ұсталады.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасырған адамдарға қатысты 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген (бұрын егер іс-әрекеті ауыр қылмысқа жатпаса, онда жауапкершілік көзделмеген). Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтеген адамдарды әкімшілік қадағалау мерзімі соттылықты өтеу мерзіміне дейін, ауыр қылмыстар үшін 6 жыл, аса ауыр қылмыстар үшін 8 жылға (бұрын 1 жылдан 5 жылға дейін) белгіленген, - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасы.

Миражан Махан
Бөлісу: