Енді қазақстандықтарға ЭЦҚ қажет болмайды

15 Қазан 2022, 07:35 1471

Министрдің айтуынша, жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электрондық түрде, уақытында алатынын болады.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.

"Біз халыққа электрондық қызметтерді пайдалану ыңғайлы екеніне көз жеткізуіміз керек. Қазір QR арқылы қол қою механизмі әзірленді, ол ыңғайлы және қауіпсіз. Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім",- деп жазды министр. 

Кейбір жағдайларда қызмет алушылар қандай да бір құжаттың дайын болғаны туралы СМС хабарлама алып, ХҚКО-ға келгенде оның әлі жеткізілмегенін біліп жатады. Министрдің айтуынша, жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электрондық түрде, уақытында алатынын болады.


Бөлісу: