Енді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» Қазақстан азаматтарына ғана беріледі

16 Қазан, 12:41 552

Мәжіліс ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қабылданған заң аясында мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Саиров.

Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарда Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы туралы талап белгіленді. Сондай-ақ ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.

Миражан Махан
Бөлісу: