«Еңбек жолы» республикалық конкурсы басталды

15 Мамыр 2023, 19:37 1795

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көпең көп санды әулет таңдалады.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.

Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттан компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 мамырдан бастап 15 шілде айына дейін жүргізіледі.

Берік Арманов
Бөлісу: