20.11.2022
14:22
2127
Еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі

Еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру туралы" тиісті қаулыға қол қойды.

"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген қаулыда.