«Ең алдымен тағдырдың жазуы». Головкин спортшылардың Парижде топ жаруына қатысты ойын айтты

18 Шілде, 11:02 1406

Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына сұхбат беріп, қазақстандық боксшылардың Париж олимпиадасындағы мүмкіндіктеріне баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Головкиннің айтуынша, Париж-2024-те міндетті түрде жүлде болады, бірақ алтын медаль – ең алдымен тағдырдың жазуы.

Біздің құрама – өте мықты ұжым. Спортшыларымыздың медаль алып, чемпион атануы үшін шеберлігі жеткілікті. Психологиялық жағдай мен дайындық деңгейіне көп нәрсе байланысты. Әрі олимпиада алтыны шеберліктен гөрі, тағдырдың жазуы дер едім.

Әрине, мен елімнің әрбір спортшысы үшін жауаптымын. Оларға сәттілік тілеп, өзіне деген сенімділікті жоғалтпауды сұраймын. Шамамыз жеткенше шабыттандыруға тырысамыз. Қысқа уақыттың ішінде нағыз ұйымшыл команда бола аламыз деп ойлаймын, - деді Головкин.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: