25.08.2023
15:14
1038
Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді

Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, - делінген мәліметте.

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.