Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келді

3 Шілде, 15:15 509

Тәжікстан президентін Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: