15 қыркүйекке қараған түні Лос-Анджелестегі Peacock театрында 77-ші «Эмми» телевизиялық марапатының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басты жеңімпаздар
«Үздік драмалық сериал» номинациясында «Питт ауруханасы» жеңіске жетті, ал басты рөлді сомдаған Ноа Уайли «Үздік актер» атанды. Бритт Лоуэр «Разделение» жобасындағы рөлі үшін «Үздік актриса» марапатын алды.
Комедиялық блокта Apple TV+ түсірген «Киностудия» рекорд орнатып, бірден 13 марапатқа ие болды. Бұл - комедиялық жобалар тарихындағы абсолюттік рекорд. Бұл қатарда «Үздік комедиялық сериал» атағы, Сет Рогеннің «Үздік актер» марапаты және «Үздік сценарий» жүлдесі бар. Айта кетейік, Роген бір кеште бірнеше «Эмми» алып, жеке рекордын жаңартты.
Бұл нағыз командалық жұмыс болды. Біз көрерменге әрі күлкілі, әрі шынайы жоба ұсынғымыз келді. Әрине, жоспарымыз жүзеге асқан сияқты, - деді ол өз сөзінде.
«Үздік актриса» аталымында Джин Смарт («Хитрости») жеңіске жетті.
Netflix түсірген «Өтпелі кезең» сериалы бес марапатқа ие болып, оның ішінде «Үздік мини-сериал» жүлдесін де қанжығасына байлады. Сондай-ақ актерлік номинациялардағы жеңістер:
Стивен Грэм – «Үздік актер» (мини-сериал),
Эрин Доэрти – «Үздік екінші пландағы актриса»,
Оуэн Купер – «Үздік екінші пландағы актер».
Кештің тарихи сәті – небәрі 15 жастағы Оуэн Купердің марапат алуы болды. Ол «Эмми» тарихындағы ең жас лауреат атанды.
Басқа марапаттар:
«Үздік режиссура» (драма) — Адам Рэндолл («Slow Horses»),
«Үздік сценарий» (драма) — Дэн Гилрой («Andor»),
«Үздік режиссура» (мини-сериал) — Филип Барантини («Өтпелі кезең»),
«Үздік режиссура» (комедия) — Сет Роген мен Эван Голдберг («Киностудия»).