«Емізіп отырып ұйықтап кеткен». Павлодарда анасы сәбиін абайсызда өлтіріп алды

23 Тамыз, 13:29 2567

Павлодар облысында туғанына бір ай болмаған сәбиді емізіп жатып ұйықтап кеткен анасы омырауына тұншықтырып өлтіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова бір аптада екі әби осылай шетінеп кеткенін жеткізді.

Анасы түнде емізіп жатып ұйықтап кеткен. Баланың туғанына 28 күн болған. Былтыр осындай бір жасқа толмаған 13 бала осындай жағдайдан көз жұмған. Биыл төрт бала, өткен аптада қатарынан екі бала анасының омырауына тұншығып көз жұмды, - дейді дәрігер.

Дәрігердің сөзінше, баланы емізіп болған соң, оны бөлек төсекке жатқызу керек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: