28.10.2022
16:26
2199
Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz

28 қазанда Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке сот үкімі оқылды.

«Елжан Амантайұлы Біртанов ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 3-бөлімінде санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәсіз деп танылсын және оның әрекеттерінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, ақталсын.

ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлімі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», - деп үкім оқыды судья Ибрагим Әлкенов.

Сондай-ақ Елжан Біртановты өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті атқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында қызмет атқаруға тыйым салды.